Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Сентябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













 4.3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену

          Қазақстандықтардың лексикалық капиталының басты құрамдас бөлшектерінің бірі іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралына баланатын шет тілдері болып табылады.

         Осы міндеттің аясында  шет тілдерін оқыту процесін  білім беру кеңістігінде кеңейту қарастырылады.

         Шет тілдік мәдениетпен өзара байланыс орнату мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үкіметаралық келісімдер аясындағы мәдени-көпшілік іс-шараларды - шет мемлекеттердің мәдениет күндерін, көрмелерін өткізуді, көркем және деректі фильмдерді түпнұсқа тілде көрсетуді көздейді.

 Нәтиже көрсеткіштері:

- Ана тілдерін үйренуде әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылы - 20%, 2017 жылы - 60%, 2020 жылы - 100%)

- Орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік Тілдерді оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылы - 50%, 2017 жылы - 75%, 2020 жылы - 100%)

 БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

 Бағдарлама үш кезең бойынша іске асырылады.

 Бірінші кезеңде (2011-2013 жылдар) тілдерді одан әрі дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар өткізу көзделеді. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру-практикалық кешенді шаралармен қатар, қол жетізілген нәтижелердің тиімділігіне мониторинг жүйесін енгізу көзделеді.

 Екінші кезең шеңберінде (2014-2016 жылдар)  мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әралуандықты сақтауда жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу бойынша практикалық іс-шаралар кешенін іске асыру қарастырылады.

 Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017-2020 жылдар) мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне бақылау жасау тетіктерін енгізу жұмыстарын ұйымдастыру көзделеді. Сонымен қатар, қоғамдық қатынастардың барлық саласындағы мемлекеттік тілдің сұранысына, оны мүлтіксіз қолдану сапасына және меңгерілу деңгейіне, басқа тілдерді одан әрі сақтау жұмыстарына жүйелі мониторинг жүргізу көзделеді.

 ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады.

Бағдарламаны іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 494 949 мың теңгені құрайды.

2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT