Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Февраль 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
 













15.01.2018

Жолдау - жарқын болашақтың жаршысы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртін­ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын бәріміз ерекше ықыласпен қабылдадық. Әр сала бойынша айтылған тапсырмалары Тәуелсіз еліміздің қарқынды дамуына жаңаша бір екпін берері сөзсіз. Соның ішінде білім беру жүйесін дамытудың бағыттарының бірі - оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капиталын дамыту деп, атап кеткен болатын. Осы басымдыққа Елбасымыз әрдайым көңіл аударады. Себебі қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде деп атап көрсетті.  Сонымен қатар, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - латын әліпбиін 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде толыққанды көшудегі нақты қадамдардың жұмыс кестесін жасау  қажеттігін айтты.

Осы орайда, Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы да халықаралық озық тәжірибелер негізінде құрылған қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемесі бойынша мемлекеттік тілді оқыту үдерісін «Қазтест» жүйесімен ұйымдастыра отырып, тіл үйренушілерге тілді еркін меңгерту мүмкіндіктерін жасауда. Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылында ағылшын тілін және латын әліпбиін меңгерту бойынша  курстардың жаңа қосымша топтарын ашу, онлайн жүйесі арқылы оқытушылардың педагогикалық біліктіліктерін арттырып отыру мақсатында оқу-әдістемелік көмек беру жоспарланған. Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін күш-жігерімізді біріктіріп, бірге әрекет етуіміз керек.

Қ.Б.Төлекеев

Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT