Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Январь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 













13.12.2017

2017 жылдың 11-13 желтоқсан аралығында Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ оқытушыларының ұйымдастыруымен Ақмола облысының әділет, статистика департаменттері және көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты интеллектуалдық сайыс сабақ, «Тәуелсіздік - Ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты әдеби-сазды кеш және «Тәуелсіздік - ең қастерлі құндылық» тақырыбындағы интерактивті сабақтар ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шаралардың мақсаттары - тыңдаушыларға «Тәуелсіздік» ұғымының мән-мағынасын тереңдете ұғындыру, Ел Тәуелсіздігінің 26 жыл ішінде жеткен жетістіктерге, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалына, тарихи-рухани құндылықтарымызға, көркейіп дамығанымызды, ел бірлігі мен тыныштығы жөнінде мәліметтер бере отырып,  тыңдаушылардың сөздік қорын молайту,  танымдық және ойлау қабілеттерін дамыта отырып, мемлекеттік тілде сауатты сөйлеуге шақыру. Сонымен қатар тыңдаушыларды Отанын, елін сүюге шақыру, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.

Аталған ашық сабақтар мен әдеби-сазды кеште қазақ халқының басынан өткен қилы-қилы тарихи кезеңдерден сыр шертетін  «Тәуелсіздік жолында» атты әсерлі әрі терең мазмұнды бейнебаяндар, слайдтар көрсетілді.  «Мен елімнің патриотымын» атты интербелсенді ойындар мен сергіту сәтіне арналған «Патриоттық әуенді табыңыз», «Бинго», «Өрмекші торы» атты тренингтер арқылы тіл үйренушілердің қазақ тіліне және қазақ тарихына деген құрмет сезімдерін арттыра түсті.

 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT