Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Октябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 













15.09.2017

2017 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған онкүндік аясында Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де және Ақмола облысының әділет департаментінде ашық сабақтар өткізілді.

Сабақтардың мақсаты: тіл үйренушілерге мемлекеттік тілдің маңыздылығы  жайлы түсінік беру, сөздік қорларын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін асыру, түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақта слайдтар, қазақ тілі жайында айтылған нақыл сөздер қолданылды.  Орталық оқытушысы  Д.Жанделдинованың «Тіл - достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы!» ашық сабағында полиглоттар тарихынан қызықты деректер айтылып, фразеологизмдермен жұмыстар жүргізіліп, бейнероликтар көрсетілді. «Тіл сырына саяхат» тақырыбындағы мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, Орталық оқытушысы Т.Молдахметованың Әділет департаментінде өткізген «Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты  7 кезеңнен тұратын ашық сайыс-сабағында ойын элементтері арқылы түрлі тапсырмалар беріліп, тыңдаушылардың мемлекеттік тілге қызығушылықтарын оята білді. Тыңдаушылар сайыста сөздік картасын жасады, жасырылған сөздерді таба білді, «Үш бақытым» өлеңін  мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауаптар алынды.

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT