Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













08.09.2017

«Ақмола облысында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру және мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесінің онкүндігі аясында Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы 2017 жылдың 8 қыркүйегінде этнос жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - парасат» облыстық байқауын өткізді.

Байқауға 17-22 жас аралығындағы қала мен аудандардың өзге ұлт жастары қатысты.

Байқау 3 кезең бойынша өтті:

1 - Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасау.

2- жазбаша және ауызша бөліктен тұрды: қазақ тілінде эссе жазу және тақырыпқа сай  қатысушылар жұппен диалог құрады.

3- «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тіліндегі көркем шығарма үзіндісінің қойылымы.

Қазылар алқасында: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының академиялық доценті, педагогика ғылымдарының магистры Құрманова Айнаш Құрманқызы, №13 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Асылжан Көкешқызы Исабаева, Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік  орталығының оқытушысы Шарипова Құралай Көшкенбайқызы болды. Олар үміткерлердің өнерін бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейіне; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне; орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне; сахналық мәдениетіне назар аударды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды Пантюхин Виталий (Ақкөл ауданы), 2-орынды Александр Олейников (Қорғалжын ауданы);                                                                                                              3-орынды Сильченко Владимир (Көкшетау қаласы) жеңіп алды.

Ынталандыру сыйлықтарымен Гаценбиллер Екатерина (Бурабай ауданы), Геласимова Александра (Зеренді ауданы), Наб Екатерина (Жақсы ауданы) марапатталды.  

Байқауға қатысқан қалған қатысушыларға Басқарманың алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары табыс етілді.  Облыстық байқаудың жеңімпазы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен өтетін республикалық байқауға қатысады. 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT