Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













25.08.2017

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы 2017 жылдың 25 тамызы күні «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Ақмола облысында «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалы мақаласын  іске асыруға және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың іс қағаздарын жүргізу саласында мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға бағытталған «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» облыстық конкурсын өткізді.

Байқауға аудандардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған, үш адамнан тұратын, командалар қатысты.

Байқау 3 кезең бойынша өтті:

         1 - «Сәлемдесу»: команда атауы мен ұраны (үш минуттан көп емес);

         2 - «Жер-судың аты - тарихтың хаты»: командаларға экраннан Қазақстанның танымал жерлерінің, көлдерінің, қорықтарының, қалалардың  суреттерін көрсеткеннен кейін олардың атауларын анықтап, қысқаша тарихын айтып берулері тиіс (әр командаға бір сурет);

3 - «Қазақ сөзі»: Билеттік жүйе арқылы

- мемлекеттік тіл туралы басталған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді командалар аяқтайды (әр командаға 2 қанатты сөз немесе мақал-мәтел);

- тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы сұрақтарға жауап береді (әр командаға 1 сұрақ);

4 - «Үй жұмысы»: «Мәңгілік Ел - Мәртебелі тіл» тақырыбында командалар музыкалық және театрландырылған қойылымдарды көрсетеді (бес минуттан көп емес);

Қазылар алқасында: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, қазылар алқасының төрағасы - Төлепберген Ғалымтай Мәлікұлы, Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы,  қазылар  алқасының мүшесі - Магажанова Салтанат Бисолтанқызы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы - Беккажанова Сая Қуанышбекқызы болды. Олар үміткерлердің өнерін бағалау кезінде білім деңгейіне; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне; қазақ тілінде таза сөйлеуіне; сахналық мәдениетіне назар аударды.

Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша Сандықтау ауданының «Парасат» тобы (Топ мүшелері: Әуезхан Клара Серікбайқызы, Еслям Берік Баянбайұлы, Даиров Сакен Ерболұлы) І-ші орынды иеленіп аталмыш конкурстың республикалық кезеңіне жолдама алды. Есіл ауданының «Жалын» тобы ІІ-ші орынды иеленсе, Бурабай ауданының «Атамұра» тобы ІІІ-орынды қанжығасына байлады. Атбасар, Ақкөл, Қорғалжын аудандарының командалары ынталандыру сыйлықтарын алып, Зеренді ауданының командасы кәде сый иегері болып белгіленді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.  

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT