Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Сентябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













26.05.2017

«Ақмола облысында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды  анықтап, қолдау мақсатында Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы «Достар» мәдениет сарайында 2017 жылдың 26 мамыры күні облыстағы мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері»  байқауын өткізді.

Байқауға 21 мен 29 жас аралығындағы  қала мен аудандардың және облыстық департаменттер мен басқармалардың 15 мемлекеттік қызметші жастары қатысты.

Байқау 3 кезең бойынша өтті:

         1 - «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт-дәстүрі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

         2 - «Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;

3 - «Өнертаным» - 3 тілде берілген жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан жарысқа түсу.

Қазылар алқасында: Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік  орталығының оқытушысы  Жамұханова Қарагөз   Дәулетбекқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Ольга Александровна Анищенко, аталмыш университеттің ағылшын тілі және оқыту-әдістемелік кафедрасының оқытушысы Әубәкірова Бақыт Төлегенқызы болды. Олар үміткерлердің өнерін бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейіне; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне; сахналық мәдениетіне назар аударды.

  Қазылар алқасының шешімі бойынша  I орынды  Ерейментау аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Тасбулатова Зухра Серікқызы жеңіп алды. II орынды Ақмола облысы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бас маманы Абсалямова Аида Сұлтанмахмұтқызы, III орынды Солтүстік қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің бас маманы Касенова Асем Қайырбекқызы иеленді. Жарқайың ауданы Костычев ауылдық округі аппаратының жетекші маманы Жамалиев Бауыржан Қасымұлы, Ақмола облысы экология департаменті, экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Тұйғынова Гүлназ Бейбітқызы және Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Есқақов Дәулет Ғалихайнарұлы белсене қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Байқауға қатысқан қалған қатысушыларға да кәдесыйлық тарту етілді.

 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT