Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Сентябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













26.05.2017

Ақмола  облысы тілдерді дамыту басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес  2017 жылғы  26 мамыр күні қазақ тілінің оқытушылары арасында облыстық  «Тіл мерейі»  байқауы өтті. Байқауға  Аршалы, Ақкөл, Атбасар,  Бурабай, Есіл, Ерейментау, Жарқайың, Жақсы, Зеренді, Сандықтау аудандары және Степногорск қаласының тілдерді оқыту орталықтары қатысты.

Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік тілінен сабақ  беретін  оқытушылардың  кәсіпқойлығын, әдістемелік шеберлігін шыңдау. Сонымен бірге  мемлекеттік  қызметшілерге, ересектерге қазақ тілінен  сабақ берудің  сапасын арттыру және педагогикалық  шеберліктерін  жетілдіру.

Байқау екі кезең бойынша  өтті.

Бірінші кезең: комиссия мүшелері  байқауға түскен құжаттарды  (электрондық портфолиелерін) іріктеп, үздіктерін таңдады.

 Екінші кезең - бірінші кезеңнен өткен оқытушылар алдын ала таңдалған тақырыптар бойынша аудиторияда панорамалық сабағын көрсетті (ұзақтығы 20 минут).

         Қазылар алқасының шешімімен І орынды Бурабай ауданы оқыту орталығының әдіскері Ж.Қ. МахметоваII орынды Ерейментау ауданы оқыту орталығының әдіскері А.Ж.ХасеноваIII орынды  Степногорск  қаласының әдістемелік-оқыту  орталығының оқытушысы  Б.Қ. Медетова иеленді. Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері А.Қ.Дыбысова, К.Қадыл, М.С.Қалқаева. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының атынан дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT