Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













16.05.2017

«Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты XIII облыстық байқау өтті

«Ақмола облысының Тілдерді дамыту басқармасы» ММ осымен  он үшінші рет өткізген «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты облыстық байқау Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № а-3/78 қаулысымен бекітілген Ақмола облысында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 25-тармағына сәйкес, «дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті» ұранын мақсат етіп, тіл мәдениетін жетілдіру міндетінен туындайтын облыстық іс-шара аясында мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау үшін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орайластырылған.

Салтанатты шара Көкшетау қаласында ағымдағы жылдың 16 мамыры күні өтті.

Конкурс төмендегі төрт номинациядан тұрды: 1. «Үздік мақала» (баспасөз бойынша); 2. «Үздік телеарна бағдарламасы»; 3. «Үздік радио бағдарламасы»; 4. «Үздік интернет-ресурс мақаласы».

Материалдар байқау ережесінің шарттарына сәйкестігі бойынша тексеріліп, құрметті қазылар алқасының қарап бағалауына ұсынылды.

Журналистердің:

1) Мемлекеттік тілді дамыту, оның мәртебесін арттыру, қолдану аясын кеңейту жөнінде іс-шараларды жүйелі түрде жарыққа шығарғанына;

2) тілдік мәдениетті қалыптастыруға және тілдік ортаны құруға жағдай жасайтын өзекті материалдарды жариялағанына баса назар аударылды.

***

Конкурс қорытындысы жөніндегі отырыста қазылар алқасы дауыс беру арқылы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Бірінші номинация «Үздік мақала» бойынша конкурсқа қатысушылар арасында орындар келесі ретпен бөлінді.

Бірінші орын - аймақтық «Бұқпа!» газетінде үзбей жарияланып жүрген кәсіби журналист Сайлау Көшкенұлы Көшкен;

Екінші орын - қалалық «Көкшетау» газетінің шолушысы Гәкку Асылбекқызы Бәйішева;

Үшінші орын - Ерейментау аудандық қоғамдық-саяси «Ереймен» газетінің тілшісі Гүлдана Балтабайқызы Қанапияноваларға берілді.

Екінші номинация «Үздік телеарна бағдарламасы» бойынша екінші орын - Степногор қаласындағы 9 арнаның бағдарламалар тілшісі Фариза Рахмедуллаевна Шамшиеваға берілді.

«Үздік мақала» аталымында ынталандыру сыйлығы мен тиісті алғыс хат Аршалы ауданының қоғамдық-саяси «Аршалы айнасы» газетінің штаттан тыс тілшісі Руслан Жалғасбайұлы Маханов, Жақсы аудандық «Жақсы жаршысы - Жаксынский вестник» газетінің тілшісі Гүлден Ерболқызы Дауренбекова, Зеренді аудандық қоғамдық-саяси «Зерен» газетінің редакторы Светлана Васильевна Кимдерге берілді.

Шара соңында естелік суретке түсіп, жиналғандар тарқасты.

 

 

Абылайхан КЕНЖЕТАЙ,

жетекші маман.

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT