Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Январь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 













 

Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының сайтына қош келдіңіздер!

Бүгінгі күні жаңа ақпараттық технологияның дамуына байланысты, мемлекеттік басқару аясында халықтың еркін ақпарат алуын қамтамасыз ету - қазіргі заманның талабы.

Осыған орай, біз қазіргі өздеріңіз кірген сайтты ашуды жөн көрдік. Бұл байланыстың тиімділігі - көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңызды қойып, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, қоғамымыздағы белгілі бір оқиғалар туралы пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнамаларының орындалуын бақылап, оны бұзу фактілерін қарау және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Сонымен қатар, жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру жұмыстарымен айналысады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек... Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдерінің ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыруымыз қажет», - деп атап көрсеткендей қазақстандықтардың қазақ тілін және басқа да тілдерді игеруіне қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.

Біздің сайттан еліміздің әлеуметтік саясатының басым бағытына айналған тілдерді дамыту саласында атқарып жатқан жұмыстарымыз жөнінде біле аласыздар.

Осы бағытта халық пен билік арасын электронды байланыс арқылы жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне сенімім мол.

Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы

Жақыпова Марал Қажыкенқызы

 

«Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталды
19.01.2018



  «Тіл жанашыры» төсбелгісі өз иесін тапты    Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында Атбасар ауданының құрметті азаматы, тіл жанашыры, жерлесіміз  Тайшытаев Аждар Тайшытайұлы «Тіл жанашыры» төсбелгісімен салтанатты түрде марапатталды.   Бұл жоғары мемлекеттік награда мемлекеттік тілді дамыту мен дәріптеуге...
Бурабай ауданының мәдениет саласының қызметкерлері Жолдауды талқылады
12.01.2018



2018 жылдың 12 қаңтарында Бурабай ауданының орталық кітапханасында мәдениет саласы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстелі болып өтті. Дөңгелек үстел барысында Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Қайрмденова,...
«Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі»
17.01.2018



«Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі»  2018 жылдың 17 қаңтарында Ақкөл ауданы Қараөзек селолық кітапханасында Ақкөл аудан әкімдігінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Ақкөл ауданының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №А-4/80...
Ақмола облысының активі Жолдауды талқылады
16.01.2018



Ақмола облысының активі Жолдауды талқылады  Көкшетауда қаңтардың 16-сы күні Ақмола облысы активінің жиналысы болып өтті. Актив жиналысына облыс әкімі Мәлік Мырзалин төрағалық етіп, «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар...
Алға үмітпен қараймыз!
16.01.2018



  Алға үмітпен қараймыз!   Өткен уақыт бүгінгімен алмасып,Ойым жатыр бір-бірімен жалғасып.Саналы адам бейқам қалар сәт пе бұл,Жолдау жасап, жол көрсетсе Елбасы. Тауқыметтің торын шырмап құрғандай,Сан қиындық тұс-тұсыңнан ұрғандай.Кезден де өттік сұсы қатты, шырғалаң,Елдігіміз қыл үстінде тұрғанда. Аттай алмай жүрер жолды дөп тауып,Әр ісіңнің алдын орап тек қауіп.Тығырыққа...
Жолдау - жарқын болашақтың жаршысы
15.01.2018



Жолдау - жарқын болашақтың жаршысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртін­ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын бәріміз ерекше ықыласпен қабылдадық. Әр сала бойынша айтылған тапсырмалары Тәуелсіз еліміздің қарқынды дамуына жаңаша бір екпін берері сөзсіз. Соның ішінде білім беру жүйесін дамытудың бағыттарының бірі - оның...
2018 жылғы 1-ші қыркүйектен бастап Көкшетау қаласында республикадағы Назарбаев Интеллектуалдық мектептер жұмыс жүйесінің үйлестігі бойынша құрылатын жұмыс жүйесі бар мектеп ашу жоспарлануда
15.01.2018



2018 жылғы 1-ші қыркүйектен бастап Көкшетау қаласында республикадағы Назарбаев Интеллектуалдық мектептер жұмыс жүйесінің үйлестігі бойынша құрылатын жұмыс жүйесі бар мектеп ашу жоспарлануда Мектепте сабақ мемлекеттік тілде жүргізілетін болады. Балалар бір ауысымда оқиды. Мектепте математика, физика, информатика, химия, биология пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылады....
97 жыл бұрынғы карта!
11.01.2018



Ақмола облыстық мұрағат қоры осыдан жүз жылдай бұрын қазіргі Қазақстанның кейбір аймақтары көрсетілген көне картамен толықты. Мұрағатшылардың айтуынша, кезінде бұл көне жәдігер 21 бөліктен, яғни, 21 парақтан тұратын Кеңес өкіметі картасының бір бөлігі екен. Нақтырақ айтқанда, ол Қазақстанның солтүстік, батыс,...
Ұлы Дала және ұлттық ономастика
29.12.2017



Туған жердің байырғы жер-су атауларының қалпына келтірілуі және ерен тұлғаларын ескеру, ұлт санасында жаңғырту қажет. Бұл орайда Елбасының Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы үздік ақын-композитор, асқақ әнші Біржан сал есімімен аталуы ел мен жер мерейін бір өсіріп тастады.  Дәстүрлі тарихи жер-су атаулары - халықтың рухани тарихы және оның ұлттық санасы,...
Бурабай ауданы тілдерді оқыту орталығының он жылдық мерейтойы
08.12.2017



2017 жылдың 8 желтоқсанында Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ өзінің 10-жылдығын атап өтті. Орталықтың мерейтойына орай «ауызша журнал» түрінде «Орталықтың он жылдағы тынысы» атты іс-шара ұйымдастырылды. «Ақпарат және мәлімет» деп аталған алғашқы айдарда Орталықтың 10 жылдағы атқарған жұмысы жайлы толық...
 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT