Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.





Обозреватель государственной службы

«    Ноябрь 2017    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 













 - Қазтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу сертификатын алған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2020 жылы - 100%)

- Қазтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу сертификатын алған, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлерінің үлесі (2020 жылы - 100%)

 ЕКІНШІ БАҒЫТ

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және танымалдылығын арттыру

 Мақсат: «Мемлекеттік тілді қолданудың танымалдылығын арттыру»

Мақсатты индикаторлар:

- Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі (жыл сайын - 50 % кем емес)

 Екінші мақсатқа қол жеткізу алгоритмі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту жұмыстарын жүзеге асыруды меңзейді.

 2.1. Мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін көтеру

         Бұл міндет қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің мәртебелі бейнесін қалыптастыру мен орнықтыру арқылы жүзеге асады. Осы бағыттағы негізгі рөлге пиар-технологиялар ие болады. Бұл үшін Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының базасында мемлекеттік тілдің танымалдылығын арттыру мен насихаттау жөніндегі арнайы жұмыстар ұйымдастырылады.

         Мақсатты аудиториялардың негізгі ерекшеліктерін есепке ала отырып, бірқатар үлгі тұтарлық бейнелер мен моделдерді әзірлеу негізінде мемлекеттік тілде сөйлеушінің мәртебелі бейнесін қалыптастыру жұмысына қоғамға танымал, белгілі тұлғаларды, сонымен қатар мемлекеттік және басқа да тілдерді білетін өзге этнос өкілдерін тарту көзделеді.

         Аталған блок, сондай-ақ, мемлекеттік тілде сөйлеушінің мәртебелі бейнесін қалыптастыру процесіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үкіметтік емес сектордың шығармашыл әлеуетін пайдалануды көздейді.

         Жоспарланып отырған шаралар қатарында Интернет желісін қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрінде мемлекеттік тілді кеңінен тарататын үлгі тұтарлық бейнелерді медиалық ротациялау, көпшілікке арналған мерзімдік басылымдарды шығаруды қамтамасыз ету, негізгі мақсатты аудиториялар үшін көрнекі үгіт құралдарының визуальды және имидждік өнімдерін шығара отырып, пиар іс-шаралары кешенін  ұйымдастыру.

         Сондай-ақ, мемлекеттік тілді қолданудың танымалдылығын арттыру  жұмысына  бірлескен акциялар өткізу арқылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік әдістерін қолдану көзделеді. 

         Мемлекеттік тілдің отбасы құндылығы ретінде танымалдылығын арттыру аталған жүйенің маңызды құрамдас бөлшегі болып табылады. Қазақ тілінде сөйлейтіндерді, оның ішінде басқа этностың белгілі отбасыларын және шетел диаспорасы өкілдерін РR жұмысына тарту арқылы мемлекеттік тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде кеңінен тарату бойынша ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастыру көзделеді.

         Сонымен қатар, қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірігіп,  ақпараттық-идеологиялық сипаттағы шаралар кешенін  - ақпараттық және көпшілік науқандар, ірі қоғамдық қозғалыстар, акциялар мен жобалар   ұйымдастыру қажет.

Қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың бірегей маңызды элементі ретінде мемлекеттік тілді қолдану мәселесінде ұнамсыз таптаурын пікірлерді бейтараптандыру қажет.

         Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдану саласындағы ұнамсыз таптаурын пікірлерді алдын ала анықтау  жөніндегі зерттеу-талдау қызметінің жүйесін енгізу, қажетті шаралар кешенін айқындау арқылы жолға қойылады.

         Сондай-ақ, дақпырттар мен таптаурын пікірлерді жою жөнінде арнайы жұмыстарды ұйымдастырылатын болады.

         Мемлекеттік тілді қолдану саласында ұнамсыз көзқарастарды қоғамдық бетке басудың тетіктерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың негізгі ресурстарына үкіметтік емес сектор мен масс-медианың әлеуеті пайдаланылуы тиіс.

 2.2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

         Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қоғамдық өмірдің барлық саласына кіріктіру болып табылады.

         Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын жаңа телевизиялық («Балапан», «Мәдениет») арналар құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадиохабарларын таратуды енгізу мүмкіндігінің ашылуы айрықша маңызға ие.

         Сондай-ақ, балалар мен жастардың қазақ тілді контентін кеңейту, арнайы оқу бағдарламаларын құру, фильмдер түсіру арқылы мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалану көзделеді.

          Қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі қолдау көрсету мен қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесін құру маңызды аспект болып саналады.

         Қоғамда тіл мәдениетін тікелей қалыптастыратын адамдар ретінде БАҚ қызметкерлеріне қойылатын міндетті тілдік біліктілік талаптарын енгізуге ерекше рөл берілетін болады.

         Сонымен бірге аталған бағытта мемлекеттік тілді ғылым, заң және жаңа технология тілі ретінде дамыту шаралары қарастырылады.

         Осы ретте дәстүрлі және инновациялық тәсілдер негізінде жеке  ғылыми-технологиялық тілдік базаны қарқынды дамыту барынша өзекті болып саналады.

Энциклопедияларды, ғылыми-публицистикалық, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді түпнұсқа тілінен қазақ тіліне аударуды ұйымдастыру және көп таралыммен шығару мемлекеттік тілдің қазіргі қолданбалы ғылым тілі ретіндегі рөлін барынша күшейтуге мүмкіндік береді.

         Сонымен бірге, электрондық үкімет шеңберінде электрондық қызметті көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын жандандыру көзделеді.

         Осымен қатар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заң мәтіндерінің түпнұсқалық дәлме-дәлдігі мәселесін шешу үшін Лингвистикалық-құқықтық сараптау орталығындағы жұмысқа алу мақсатында қазақ және орыс тілдерін меңгерген құқықтану саласындағы  кәсіби мамандарды даярлауға айрықша мән берілетін болады.

Сонымен қатар, қазақ тілін халықаралық коммуникация, демалу және ойын-сауық саласында да кеңінен қолдану  көзделіп отыр.

Мәдениет мекемелерінің репертуарларын қазақ тілді жаңа контентпен толықтыру қажеттігі мемлекеттік тілдегі жаңа қойылымдарды және жобаларды, оның ішінде  балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына бағдарланған жаңа шығармалармен толықтыруға шығармашыл әлеуетті ынталандыру жөніндегі конкурстық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу міндеттерін айқындады.

Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізген кезде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану міндетті қажеттілік болуға тиіс.

Халықаралық кездесулерді, шарттарды, келісімдерді және басқа да халықаралық актілерді рәсімдеу кезінде мемлекеттік тіл негізгі тіл болуға тиіс.

Этнотуристік іс-шараларды (мәдени-этнографиялық ескерткіштерге саяхат, скаутинг, балардың этносаяхаттары және жазғы этнолагерлер) ұйымдастырған кезде мемлекеттік тілдің әлеуетін пайдалануды жандандыру айрықша өзекті болып табылады.

 Нәтиже көрсеткіштері:

- Мемлекеттік тілді кеңінен таратуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға бөлінетін қаржының жалпы көлемінен жыл сайын - 10%-дан кем емес)

- Мемлекеттік БАҚ эфирінде мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсімі (телевизиялық жобалардың жалпы санынан жыл сайын - 10%)

- Мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын 50% кем емес)

 ҮШІНШІ БАҒЫТ

Қазақстандықтардың тілдік мәдениетінің деңгейін арттыру

 Мақсат: «Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті»

         Мақсатты индикаторлар:

- Ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауда қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бойынша халықтың қанағаттанушылық деңгейі (2014 жылы - 60%, 2017 жылы - 75%, 2020 жылы - 90%);

- Қазақ тілінің реттелген қорының үлесі (2014 жылы - 20%, 2017 жылы - 60%, 2020 жылы - 100%)

3.1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу

Аталған бағытты іске асыру, ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз етуді көздейді.

         Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаларын енгізуді, көпшілік пікірін есепке алуды, шешімдерді қабылдау процесіне  азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тартуды бағамдайды.

         Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны барынша қайта өңдеу, сондай-ақ, географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, сондай-ақ оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың  ережелерін әзірлеу қажет.

         Антропологиялық атауларды және көрнекі ақпараттарды сәйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропологиялық белгілеулерді жазу мен сәйкестендіру жөніндегі бірыңғай ережені әзірлеуді, сондай-ақ, көрнекі ақпараттарды көркем рәсімдеу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.

         Терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндеттер айрықша өзекті мәселе болып саналады.

         Қолға алынуы тиіс қажетті шаралар қатарына - қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа стандарттар мен ережелерді әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі ережелерге, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес реттеу жатады.

         Аталған жұмыс әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердің үлгілерін, интернационалдық терминдерді және терминологиялық атауларды пайдалану арқылы, сондай-ақ жаңадан бекітілген терминдердің бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану жиілігіне тұрақты мониторинг жүргізу жағдайында жүруге тиіс.

Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңалау тілдік тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ, терминтану мен терминография жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

         Сонымен қатар, Терминологиялық сөздіктердің бас редакциясын құру, салалық терминологияның бірыңғай электрондық базасын құру мен қазақ терминологиясының жалпы қорын жасау және веб-сайттар мен порталдарға орналастыру қажет.

         Үдемелі тілдік өзгерістерді зерделеп айқындайтын, тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру қажеттігі шешімін табуға тиіс өзекті мәселе болып табылады.

         Ұсынылып отырған жүйенің бірден бір шешуші құрамдас бөлшегі  тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту болуға тиіс.

Осы жұмыс шеңберінде нормативтік құқықтық базаның құқықтық кемшіліктерін жоюды және тіл туралы заңнаманың бұзылғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделеді.

         Қажетті шаралар қатарына - көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі әдеби қазақ тілін мүлтіксіз қолдануға бақылауды күшейту жатады.

3.2. Тіл мәдениетін жетілдіру 

         Қазақстандықтардың тіл мәдениеті деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлшегі сөйлеу мәдениетін дамыту болуы тиіс.

Осы бағыттағы негізгі шаралар ақындар айтысын, мүшәйра, пікірталас жарыстарын және жыраулардың, жыршылардың  конкурстарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Осымен қатар, қоғамдық және сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, сөз мәдениеті аясында бұқаралық ақпарат құралдары үшін сыйлықтарды және әшкере сыйлықтарды тағайындау жоспарланып отыр.

Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға  бағытталған конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру мен өткізу арқылы іске асатын болады. Сондай-ақ, мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мерзімдік баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдауға зор мән беріледі.

Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электронды тілдік қызметті және элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдегі іскери ресми хаттардың дағдыларына оқыту жүйесін құру жоспарланып отыр.

Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттігі - тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің сөзсіз өзегі. Қажетті шаралар қатарына -

қоғамның барлық саласын, көпшілікті, мәдениет және өнер, БАҚ қайраткерлерін кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін бекіту, ұйымдастыру және өткізу, Түркі жазуына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ, тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жатады.

Нәтиже көрсеткіштері:

- Көрнекі ақпаратты қолданудағы өңірлерді бақылауды қамту дәрежесі

(2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 100%)

 - Терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауда қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бойынша халықтың қанағаттанушылық деңгейі (2014 жылы - 60%, 2017 жылы - 75%, 2020 жылы - 100%);

           ТӨРТІНШІ БАҒЫТ

Лингвистикалық капиталды дамыту  үшін қолайлы жағдайлар жасау

 Мақсаты: «Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту»

Мақсатты индикаторлар:

- Республикадағы орыс тілін білетін ересек тұрғындарының үлесі (2020 жылы - 90 %)

- Ұлттық мәдени бірлестіктер жанындағы ана тіліне оқыту курстарында қамтылған басқа этнос өкілдерінің үлесі (2014 жылы - 60%, 2017 жылы - 80%, 2020 жылы - 90%)

- Республикадағы ағылшын тілін білетін тұрғындарының үлесі (2014 жылы - 10%, 2017 жылы - 15%, 2020 жылы - 20%)

- Үш тілді меңгерген (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілі) тұрғындардың үлесі (2020 жылы - 20% дейін)

 4.1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданысын сақтау

          Төртінші бағытты іске асыру Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қызметін сақтаудың жүйелі жұмысын ұйымдастыруды көздейді.

         Мұның аясында орыс тілін оқытудың одан әрі оқу-әдістемелік және зияткерлік жүйесін қамтамасыз ету, сонымен қатар  оқытушы кадрларды кәсіптік оқыту қарастырылады.

         Орыс тілінің қызметін ақпараттық қолдауға Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде орыс тілін ұсынуды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың орыс тіліне деген ынтасын қолдауға бағытталған мәдени және оқыту іс-шаралары арқылы қол жеткізілетін болады.

          4.2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау

          Осы міндеттің аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ тәжірибелі педагогтарды, шет тілінде сөйлеуші мамандарды тарту, халықаралық тәжірибе мен ана тілдерін оқытудың заманауи технологияларын пайдалану жоспарланады.

         Бұған қоса, этностардың тілдерін сақтау және мәдениеттердің өзара байыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету көзделеді. Соның ішіндегі қажетті шараларға кең ақпараттық қолдау арқылы мәдени-көпшілік  іс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және заманауи жазба мұраларын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара байланыстар мен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі үкіметаралық келісімдер жасау жатады.

         Тұрғындарға шығармашылық тұрғыдан жәрдемдесу этностардың мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін одан әрі іске асыру  арқылы жоспарланады.

       жалғасы

 

 

Жаңалықтар архивы

 
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT